Отандық туризм креативті индустриямен ұштасады

Осы демалыста Орталық Азия мен Еуропа елдерінен 10 мың турист келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Астана мен Алматыға табан тірейтін шетелдік мейман саны. Джон Ньюман, Адам Клэй сынды әлемге әйгілі әнші, диджейлер шақырылған фестиваль шетелдік туристерді көбірек тартудың амалы саналады. Мәдени іс-шараның көркін жергілікті қолөнерші, суретшілер мен киім дизайнерлер де қыздыра түспек. Жазғы фестиваль ұйымдастырушылары осылайша отандық туризмді креативті индустриямен ұштастырып, дамытпақшы.

Бүгінде креативті индустрияның 43 бағыты айқындалған. Енді осы бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктері қаралып жатыр.

Ирина Харитонова, Kazakh Tourism ҰК департаментінің директоры:

- Биыл компаниямыз бірқатар жергілікті және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Біз қазақстандық суретшілер мен қолөнершілерді қолдаймыз. Сондай-ақ сырттан келіп, түрлі шара өткізуге ниет білдіргендерге де қолдау көрсетеміз.