Қонаевта жаңадан екі жағажай салынып жатыр

Қазір өңірде шомылу науқаны қызып тұр.

Қапшағайдың суына түсуге Алматы мен облыстан адам көп барады. Сондықтан судағы қауіпсіздік шараларына аса сақ болған жөн.

Жазда Қапшағайдың суы адамнан босамайды. Алматыға жақын болғандықтан алып шаһардан асығып, көл аңсап жететіндердің санында есеп жоқ. Десе де әр демалыс күні мұнда он мыңнан астам адам келеді. Олар негізінен орталық жағажайға жиналады. Демалыс орнында көлеңкеден қорғанатын шатырлар, тапшандар мен  дәмханалар бар. Бірақ бағалары әрқалай. 

Блиц:

- Біз тапшанды жеті мыңға алғаннан кейін әжетханасы ішіне кіру керек қой. Мен солай ойлаймын. Бағасы 150 екен әжетхананың.

- Әшейін келіп, кеткеніңздің өзі 25 мың теңге болып тұр. Ол негізі қымбат деп ойлаймын.

Адам көп жиналатын жерде тазалық болуы керек. Бірақ демалушылардың санитарлық мәдениеті бірдей емес. Жеген тағамының қалдығын тастап кететіндердің әрекеті тіпті орынсыз. Қоршаған орта осылай ластанады. Ал комуналдық қызмет бәрін жинап үлгермей жатады. 

Алмас Садуақас, тілші:

- 5 шақырымға созылған жағалау жағдайын әлі де жақсару керек. Мұнда киім ауыстырып, шайынатын нысан аз. Ал қоқыс тастап кетушілер көп. Сондықтан санитарлық тазалықты қатаң бақылау керек.

Орталық жағажайда 46 кәсіпкер жұмыс істейді. Әрқайсысы өз ауласындағы тазалыққа жауапты. Себебі қызмет көрсету сапасы әуелі тазалыққа байланысты екенін олар жақсы түсінеді.

Гүлжан Имбарова, кәсіпкер:

- Біз өз алаңымызда өзіміз жауап береміз. Бірақ ол кісілер өте жақсы қолға қойған. Таңертең ерте сағат жетіде мусор қалдықтарын жинап кетеді. Кешкісін бәрін шығарып, жинап қоямыз. Демалыс орнында он адам жұмыс жасайды. Өзімнің қарамағымда. Барлықтары еңбекақыларын алып отыр.

Асхат Жексембеков, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Жалпы төрт техника жұмыс істейді. 20 адам күнделікті саитарлық тазалықпен айналысады. Скл «Жұмыс күндері адамның аз болуына байланысты 5-10 тоннаға дейін, ал адам көп болған кезде демалыс және мейрам күндері 10-15 тоннаға дейін мусор шығарылады күнде.

Қапшағайда суға жүзуден, қайықпен жарысудан республикалық, халықаралық жарыстар жиі өтеді. Қонавтың туристік әлеуеті жоғары. Қаланы дамытудың бас жоспарына сай жаңадан екі жағажай ашылады. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсеамбаев, Аманжол Жөнкешов