Алатауға өрт қауіпсіздігіне байланысты дрон ұшырылды
Алатауға өрт қауіпсіздігін қадағалушы әмбебап дрон ұшырылды.
Сол арқылы төтенше жағдайлар қызметі таулы, орманды алқапты бақылай алады. Ұшатын құрылғының басты артықшылығы арнайы тепловизор орнатылған. Ол тау бөктеріндегі оттың орнын анықтай алады. Айта кетейік, жыл басынан бері рұқсатсыз от жаққан 92 адам анықталып, 5 миллион теңге айыппұл салынды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аталған дронмен жоғалған туристерді де кез-келген уақытта жылдам табуға болады. Оған қоса жарақат алғандарға дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады екен.