Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватындағы өртке байланысты ТЖ жарияланды
Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватындағы өртке байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Жергілікті ауқымдағы режим Шарбақты ауданының Галкино, Шалдай және Александров ауылдық округтерінде сақталады. Мұндай шешімге тілсіз жаумен күрестегі шығындар себеп. Мамандардың айтуынша, қазір жағдай тұрақталды. Өрт сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Оған 200-ге жуық адам жұмылдырылған.
Еске сала кетсек, үш күн бұрын тұтанған өрт 850 гектарға жайылды. Қызыл жалынның Сүгір ауылы мен Ресей шекарасына дейін таралу қаупі төнген.
Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:
- Қазіргі күнде жаңағы оқшауланды, локализован. Бір аптадай ликвидация жүреді. Өртті аяғына дейін сөндіргенше төтенше жағдай режимі ауданда болады. Сол режимнің арқасында жоспарланбаған жанар-жағармай соның барлығы, жаңағы төтенше жағдайдың арқасында жабылатын болады. Ликвидациядан кейін шығын көлемі саналады. Қанша ағаш жанды.