Күдебаев елден қашқаны үшін тағы жаза арқалады

Экс-генерал Серік Күдебаев елден қашқаны үшін тағы жарты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс Алматы облысының Кеген аудандық сотында қаралды. Бұған дейін ол 10 жылға сотталған еді. Экс-генералдың уақытша ұстау изоляторында өткізген уақытын есептегенде толық жаза мерзімі 10 жыл 3 айды құрайды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Еске сала кетейік, Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының Полиция департаментіне басшылық еткен Серік Күдебаев билігін асыра пайдаланды деп айыпталды. Ал биыл 1 сәуірде Күдебаевтың шетелге қашып кеткені белгілі болды. 27 сәуірде Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді.