Арал ауданы мен бірқатар елді мекенде су тарату жүйесі жаңартылады

Қызылорда облысындағы 230 ауылдық елді мекеннің 98,1 пайызы таза ауызсумен қамтылған.

Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін өңірде 23 жоба қолға алынып отыр. Оның 14-ін биыл ақтау жоспарланған.

Айтулы шаралар аясында 7 ұңғыма бұрғыланып, 163 шақырым ауыз су, 6 шақырым кәріз желісі, 4 су кешені, 12 кәріз станциясы жаңартылады. Бұл жұмыстар Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарының бірқатар ауылдық елді мекендерінде жүргізіледі. Сонымен қатар Қызылорда, Байқоңыр қаласы да қамтылмақ. Аталған жобалар мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынып отыр. Айта кетейік, Президент 2021 жылғы Жолдауында алдағы бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Ғалымжан Еркебай, қала әкімінің орынбасары:

- Бәйтерек мөлтек ауданында су ұңғымасы қосылған, 7 ұңғыма және 2 резервуар, ол Баәйтерк мөлтек ауданын толық ауызсумен және бер жағында орналасқан КБИ мөлтек ауданын, Әл-Фараби мөлтек ауданына қосымша су беріліп отыр. Қызылорда қаласы бойынша 8,9 шақырым қаланың орталық көшелеріндегі ескі желілердің барлығы қайта жаңғыртылады. Қаланың ішінде 6 көтерме насостарға жоба жасалып жатыр.

ГРАФИКА:

Ұңғыма – 7

Ауыз су желісі – 163 км

Кәріз желісі – 6 км

Су кешені – 4 дана

Кәріз станциясы – 12 дана