Жастар кәсіподақтары жаңа трендтерді ұсынды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы комитеті мен Кәсіподақтар федерациясының жанынан ашылған «Келешек» жастар кеңесі меморандумға қол қойды.

Құрамына 400 мыңнан астам адам кіретін кеңес жас жұмыскерлердің құқықығын қорғап, ұсыныстарын қабылдайды. Меморандум аясында тараптар жұмыссыздық пен еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін шешуге бірлесіп жұмыс істейді.

Саяси процесстерге көбірек қатысып, бейресми сектормен жұмыс жасау бұл жастар кәсіподақтарының жаңа трендтері. Бұдан бөлек «Келешек» кеңесін еңбек нарығындағы тұрақсыздық, әлеуметтік қолдау мен жас жұмысшылардың төмен жалақы алатыны қынжылтады. Бұл мәселелерді шешу үшін кеңес жастар және отбасы істері комитетімен бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Аян Сәлімгереев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы "келешек" жастар кеңесінің төрағасы:

- Біздің ең басты мақсатымыз жұмысшы жастарға деген қолайлы жағдай жасау. Олардың құқығын қорғау, мүддесін қорғау. Қандай да бір ұсыныстары болса, қандай да бір жоба ұйымдастырғысы келсе біз осы меморандумның аясында  оларға көмек көрсете аламыз.

Бүгінгі таңда елімізде 100 мыңнан астам жас жұмыссыз жүр. Осы орайда тараптар еңбек құндылықтарын насихаттап, жастардың өзін өзі жұмыспен қамтуына жағдай жасамақ.

Роллан Құспан, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі таңда 15-ке жуық республикалық жастар ұйымдары бар. Оларға біз өзіміздің тарапымыздан қолдау көрестіп отырамыз. Қазіргі таңда азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы осы ұйымдарды қаржыландыру, гранттар бөлу жұмыстары үйлестірілуде. Енді болашақта жұмыссыз жастардың мәселесесін шешуге бағытталған бәлкім жаңа гранттар ұсынуымыз да мүмкін.

2023 жылы Кәсіподақтар федерациясының жастар кеңесінің алдында тек ұлттық емес, халықаралық деңгейдегі міндеттер тұр. «Келешек» ұйымы Республикамыздың атынан Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары жанынан Жастар кеңесін құрып төрағалық етпек.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Арман Ақшабаев