Алматыда жалған ақшаны сатпақ болғандар ұсталды
Алматыда қолдан жасалған долларды сатпақ болған бір топ адам ұсталды.
Олар криптовалюталарды сатып алу желеуімен 100 долларлық купюраларды сатуды көздеген. Күдіктілердің көлігін тексеру барысында жалған ақша анықталып, оның АҚШ федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейтіні расталды. Жалған ақшалардың жалпы сомасы 20 мың АҚШ долларынан асады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Сақтау және сатуға әрекет жасау фактісін агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады. Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен үш дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20600 долларын құрайтын банкноттар АҚШ федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді.