Қазақстан GovTech индексі бойынша "А" тобына көтерілді

Қазақстан GovTech индексі бойынша «В» тобынан көшбасшы елдердің «А» тобына көтерілді. GovTech - бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету және билік органдары мен мемлекеттік институттар жұмысының тиімділігін көрсететін сала.

Демек, елімізде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы өсті деген сөз. Мәселен Қазақ елі әлемдегі  198 ел арасында мемлекеттік қызмет көрсету индексі бойынша 6-шы орынға тұрақтады. Сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту бойынша жаһандық рейтингінде 28-ші орыннан көрінді. Бұл беделді тізімге Эстония, Финляндия, Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур, Жаңа Зеландия, Австралия, АҚШ және Жапония сияқты елдер де кіреді.