Еселі еңбек еленді

Қарапайым шопан, құрылысшы һәм механизаторлар мерейлі марапатқа ие болды.

Бүгін елордада еңбек жолын елдің дамуына арнаған 50-ге жуық ардагерге Қазақстанның құрметті азаматы және Тәуелсіз Қазақстан қаһарманы медалі табысталды. Марапат иелері "Жаңа Қазақстан” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқаудың қортындысы бойынша анықталған. Мұнда еселі еңбегі еленбей, бүгінге дейін бірде-бір атақ-алғыс алмаған азаматтар іріктеліп алынды. Барлығы 200-ге жуық өтінім түскен. Жеңімпаздар арасында өзге елден көшіп келген қандастар да бар.

Ақылбек Тұрдыбекұлы, байқау жеңімпазы:

- Марапаттауға өзімнің кандидаттығымды ұсынға болатынмын, комиссияның сараптауынан өтіп, жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Ризамын. +++ 01:04 Түрлі шығармашылықпен айналысқанмын. Кейін әкімшілік салада жұмыстарда жұмыс жасағанмын. кейін Қазақстанда 2003 көшіп келгенмін. 100 шақты отбасы көшіріп келгенмін.

Мағжан Садыханов, "Жаңа Қазақстан" республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры:

- Тәуелсіз Қазақстан қаһарманына 16 адам ие болып отыр. Оның ішінде жас шамалары 75-80-де. Негізгі критерий - істеген еңбегіне қараймыз. Қай салады, тек ғалым емес, халық шаруашылық салсында малшы, сауыншы болған, бақташы болғандар келіп отыр.