Алматыда халықаралық цирк фестивалі өтіп жатыр

Оған 15 елдің әртістері келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында Германия, Вьетнам, Эфиопия, Украина, Ұлыбритания мемлекеттерінің өнер майталмандары бар. Биыл Қазақ мемлекеттік циркінің құрылғанына 53 жыл толып отыр. Алғашқы қойылымы 26 шілде күні өткен еді. Фестивалдің басталуы осы күнмен сәйкес келді. Эквилибристер, акробаттар, арқанмен жүрушілер, клоундар, атты-акробатикалық топ өнер көрсетеді. Цирк өнерінің барлық жанры қамтылған.

Фестиваль қорытындысы 30 шілдеде белгілі болады. Үздік қойылымдарды алматылықтар мен қала қонақтары бір ай тамашалай алады. Фестиваль қонақтарының қатысуымен тамыздың 27-іне дейін гала-шоу өтеді.  

Марина Редько, Қазақ мемлекеттік циркінің бас режиссері:

- Фестивальде ұсынылған нөмірлер бірінен-бірі асып түседі. Оны тек келіп көру керек. Біздің тұрғындарға бұл – керемет мүмкіндік. Әлемнің ең үздік деген цирк өнерінің артистері түгелдей Алматыға жиналды. Айта кетейін, жарты ғасырылық тарихы бар Алматы циркінде мұндай халықаралық дегейдегі шара алғаш рет өткізіліп отыр.