Елде монополияға қарсы 33 іс тергеліп жатыр

Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша 48 істі тергеу аяқталды.

Тағы 33-і тергеліп жатыр. 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынды. Соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар. Мұны Мемлекет басшысының қабылдауында болған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы айтты. Марат Омаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа тергеу амалдарының нәтижесін баяндады. Кездесу соңында Президент ел экономикасының негізгі салаларын монополиядан арылту жөніндегі кешенді шараларды жалғастыруды және бәсекелестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырды.