Атырауда 76 аула абаттандырылады

Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді.

Қазір облыс орталығындағы «Алмагүл», «Вокзал маңы», «Балықшы», «Сарыарқа» шағын аудандарының аулалары жаңа кейіпке еніп жатыр. Сондай-ақ асфальт жабындысы жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолы төселмек. Балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы салынып, көшелерге жарық тартылады. Абаттандыру жұмыстарын үш мердігер мекеме атқарады. Келер жылы тағы 150 аулада осындай құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. 

Нұрбол Жанпейісов, қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі:

- Жыл соңына дейін толықтай жұмыстардың бәрін бітіріп, бекітілген жобаға сәйкес халық қолданысына тапсыру көзделуде. Жұмыстарды бөлім тарапынан, әкімдік тарапынан қатаң бақылауда. Сонымен қатар бізде бөлім тарапынан техникалық қадағалаушы бар. Яғни ол жұмыстың басында таңертеңнен кешке дейін жұмыстың сапасын тексереді.