Шетелде шыңдалған түлектерге бос жұмыс орындары ұсынылады
Әлемнің 27 еліндегі 200-ден аса университет қазақстандықтар үшін қолжетімді.
Шекара асып, білім алып жүрген жастардың қарасы қалың. Шетелдік жоғары оқу орындарында шыңдалған түлектердің Отанға оралып, қызмет етуі назарға алынады. Осы бағытта елордада дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар жақсы жалақы мен жауапты қызмет ұсыну арқылы білікті мамандардың қызығушылығын тудыруды көздеп отыр. Ол үшін арнайы цифрлық платформа құрып, елдегі бос жұмыс орындардың тізімін ұсыну жоспарда бар.
Бауыржан Бағлай, Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық консультанты:
- Цифрлық қосымша ойлап табу көзделген. Әлеуметтік желілерде, басқа да бір платформаларда интеллектуалды жастарды, интеллектуалды мамандарды біріктіру. Олар тек бір мемлекетте болмауы мүмкін. Құрама штаттарында, Қытайда еңбек етуі мүмкін. Еуропаның дамыған мемлекеттерінде еңбек етуі мүмкін. Олар ортақ жүйеге қосылады.