Танымал блогерлер иесіз ит-мысыққа қамқорлық танытып жатыр
Яғни, миллиондаған аудиториясы бар ғаламтор белсенділері панажайдағы жануарлармен суретке түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады және бір ауыз сөзбен жанашыр пейілін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Ең жақын дос» акциясы аясында түсірілген бұл суреттер бүгін көрермен назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шараның арқасында бірнеше адам арнайы келіп, ит асырап алған.
Нұрасыл Бекматов, ұйымдастырушы:
- Дәл осы акцияны ұйымдастыру арқылы қоғамдағы жануарлардың, оның ішіндегі қараусыз қалған, өз иесінен айырылып қалған немесе жоғалып кеткен жануарлардың мәселесін көтеру және оларға көмектесу болып табылады. Елімізде республикалық деңгейде аталған акция бірінші рет ұйымдастырылып жатыр.