Абай облысында қола дәуіріне жататын дала пирамидасы табылды

Ескерткіш Тоқтамыс ауылының жанындағы Қыры-қүңгір қорымы аумағынан анықталған.

Осыдан 4 мың жыл бұрынғы құнды жәдігерлер, айрықша сәулет үлгісімен таңғалдырып отыр. Ерекше тарихи нысан, алты қырлы. Өте дәлдікпен салынған. Қазба барысында жылқы сүйегі мен, ауыздық табылды. Тас құрылыстың қабырғасында жылқы мен түйенің суреті бейнеленген таңбалар бар. «Бұл сол кезеңнің өзінде, жылқы культінің өте жоғары болғанын көрсетеді» дейді археологтар.

Ұлан Үмітқалиев, археолог:

- Алты қырына үлкен-үлкен бір тоннадан асатын тастар қойылған. Әрбір алты қырының бір-бірімен түйісетін жері архитектуралық ғажап құрылыстармен жасалған. Әрбіреуінің арасы 13 метрден жалғасады. Оның алты қырының ортасында үш тас шеңбер. Тас пирамида деп айтуға болады. Мұны қазіргі уақытта Новосібір қаласынан келген ғалымдармен бірлесе зерттеп, тұжырымдар жасап жатырмыз.