Қызылордада көмір қоры жеткілікті

Қызылорда қаласына алдағы жылыту маусымы кезінде 80 мың тонна көмір қажет.

Қазір облыс орталығындағы қоймада 19 мың тонна қатты отын дайын тұр. Оны үздіксіз жеткізіп, бағасын тұрақты ұстауға қатысты жергілікті әкімдік пен қойма қожайындары арасында келісім жасалған.  Сонымен қатар белгіленген жылдық көлемді 10 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. «Бұл шаралар күн суыта бере көмір қоймаларының алдында жыл сайын қайталанатын талас-тартыс пен ұзын-сонар кезекті азайту және бағаны шарықтатып жіберудің алдын алу үшін қолға алынып отыр», - дейді мамандар. Бүгінде Қызылорда қаласына Қарағандының Шұбаркөл сұрыпты қатты отыны жеткізілуде. Жаздың соңғы күндерінің өзінде тұрғындар тонналап сатып алып жатыр.

Бауыржан Арын, Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының м.а.:
- Кезең-кезеңімен алып келеді. Жалпы осы бізге тамыз айында қосымша 165 вагон көмір алып келу жоспарланып отыр. Көмір тасымалдаушы мекемелердің айтуынша, жақын маңда орналасқан аудандар да тасымалдау жүрігізіп жатыр. Күніне 50-60 тоннадан жаздың өзінде.