Баянауыл паркі материалдық-техникалық базасын нығайтып жатыр

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 131 млн теңге қарастырылған.

Осы жылы бір арнайы техника, шағын өрт сөндіру кешені және екі трактор алынды. Жылдың аяғына дейін қос шағын өрт сөндіру кешені мен 15 мотоцикл келеді. Ал тозығы жеткен техникалар есептен шығарылады. Сонымен қатар өрт сөндірушілердің жалақысы 70 процентке өсті. Қаржыны  ұлттық парк өз есебінен бөліп отыр.    

Тұрсын Серғазин, өрт сөндіруші:
- Бәрі - жаңа машина бізге келгендер. Солармен өртке шығып жүреміз, өрт сөндіріп жүреміз күні-түні болса да. Осы өткен айдан бастап жалақыны қосты бізге, 70 процент. Енді сол өткен айға да, осы айға да қосылып береді деді. Соны күтіп отырмыз. Мен өзі 15 жылдан асып кетті істеп жүргеніме, талай өрттер болды ғой, оның бәрі ойда қалмайды.