Шекарада 1100-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Жыл басынан бері шекарада 1183 құқық бұзушылық анықталған.
Сарбаздар дер кезінде әрекет етіп заңсыз өткендердің жолын кесіп отырды. Осы ретте волонтерлардың де еңбегін айта кеткен жөн. Мемлекеттік шекараны қорғауға 1200-ден астам ерікті жұмылдырылған. Бүгінгі күні Үкімет қаулысымен шекарада 101 өткізу пункті айқындалды. Оның ішінде авиациялық, теңіз, өзен, теміржол, автомобиль сияқты түрлері бар. Жалпы былтырғымен салыстырғанда соңғы 7 айда адамдар мен көлік құралдарының шекарадан өтуі екі есе артқан. Бұған туризмді дамыту мақсатында шетелдіктер үшін визалық және иммиграциялық ережелерді жеңілдету ықпал етті. Қазір іргелес мемлекеттердің шекара ведомстволарымен ынтымақтастық белсенді.
Серік Ахметқалиев, ҚР ҰҚК ШҚ Шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары:
- Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді жедел шешуге тырысамыз. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданған шаралар Мемлекеттік шекараны күзетудің тиімділігін және оңтайлығын арттыруға бағытталды.