Индонезияның тәуелсіздік алғанына 78 жыл
Айтулы күнді Қазақстандағы Индонезия Республикасының елшілігі атап өтті.
Салтанатты жиынға дипломатиялық миссия өкілдері мен елордадағы сол елдің азаматтары қатысты. Шара Индонезия мен Қазақстан арасындағы серіктестікті дамыту мәседедері сөз болды. Жиынға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына кіретін Малайзия, Тайланд, Вьетнам мемлекеттерінің өкілдері де қатысты. Биыл Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық байланысқа 30 жыл.
Еске салайық, Индонезия билігі жаңа астананы көшіру және салу мәселелерінде Қазақстанның 25 жылдық тәжірибесін қабылдағысы келетінін мәлімдеген.
Мохамад Фаджрул Рахман, Индонезияның Қазақстандағы елшісі:
- Біз бүгін Индонезия Тәуелсіздігінің 78 жылдығымен қоса, екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Экономикадағы, саясаттағы, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыс үздіксіз дамып келеді. Болашақта серіктестігіміз тек нығая түседі деп үміттенеміз. Астана мен Индонезияның келешек астанасы - Нусантара өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.