Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңі аяқталды

Ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында оныншы рет ұйымдастырылған шараға 21 жанұя қатысты.

Солардың арасынан озық шыққан Ниетқабыловтар әулеті қыркүйек айының 8-інде Астанада өтетін ұлттық жобада өңір намысын қорғамақ. Отбасының үлкені, Сағын-герей ата мен, Нұржамал әже - 70 жаста, 4 ұл, 1 қыз, 9 немере-жиен тәрбиелеп отыр. Қара шаңырақтағы ұлы Дулат жұбайы Әлиямен бірге 2018 жылдан бері, құрт жасауды қолға алып, қазір үлкен бизнеске айналдырған. Бір жылда 40 мың құрт сатып, ауылдан зәулім баспана салыпты. «Бақыттың басты кілті, еңбек пен татулықта», - дейді берекелі жанұя мүшелері. 

Нұржамал Ниетқабылова, «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы:

- Алды 11 оқиды, кішкентайы 4-те. Бәрі де еңбекке араласып жатыр ата-анасымен бірге, бос жүрген ешкім жоқ. Сиыр саусақ бірге сауамыз. 3-4-міз сиыр саусақ, 2-3-міз бұзау идіреміз. Біреуміз машина тартсақ, екіншіміз көк сүтті құйып, құртқа дайындаймыз. Ауыл болғасын еңбек көп болады ғой, қиыншылығы да болады,  қызығы да болады, соның бәрін де шаршамай, бәрі де дәрежеге жетіп жатыр. Қарапайым отбасынан осындай дәрежеге  жеткенімізге өте қуаныштымыз.

Ранида Әшенова, БҚО қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Жылдағы отбасылық байқаулардан ерекшелігі - бізде әртүрлі ұлт өкілдерінің көптеп қатысуын байқадық. Әсіресе бұл байқауда отбасына, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді комиссия. Себебі әр отбасынан қатысқан көп балалы жанұя кемінде 4 баласы бар, одан әрі ол ұрпақтан тараған шежірелі, дарынды адамдар да осы келіп, өз отбасыларын қолдап қатысып отыр осы жарысқа.