Ботай қонысынан мыңнан аса жәдігер табылды
Жыл басынан бері Теріскейдегі Ботай қонысынан бір жарым мыңға жуық құнды жәдіргер табылды.
Археологиялық қазба жұмыстарына шетелдік ғалымдар да қатысқан. Қазір табылған жәдігерлерге сараптамалық-талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, тарихи қоныстың туристік әлеуеттін көтеру көзделген. Осы мақсатта Айыртау ауданында арнайы визит-орталық салынады деп жоспарланған.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Ботай қонысы 40 жылға жуық зерттеліп келеді. Осы уақыт аралығында 600 мыңнан астам құнды жәдігер табылған. Айталық, табылған жәдігерлерге арнайы анализ жасалады. Кейін «Ботай» музейіне немесе жергілікті тарихи-өлкетану музейінің қорына жіберіледі.
Осы маусым археологтар үшін олжалы болды. Осыған дейін олар қоныстан көбіне жылқы қаңқасын тауып келген. «Ал биыл алғаш рет киік сүйектерін тауыпты. Яғни ботайлықтар ақбөкен сүйектерінен түрлі қару-жарақ дайындап, күнделікті тұрмыста пайдаланған», - дейді зерттеушілер. Осы жәйттердің бәрі археологтардың қызығушылығын арттыра түскен.
Қуаныш Әбдімәліков, археолог:
- Біздің алдымызда әлі көптеген міндет тұр. Себебі, біз ботайлықтардың жауынгерлерді қалай жерлегенін, олардың үйлерінің құрылысын, кім қандай баспанада тұрғанын білмейміз. Сондықтан біз осының бәрін рет-ретімен зерттеп жатырмыз. Қазіргі уақытта ботайлықтар тұтынған қаруларды қарастыру үстіндеміз. Олар бір қарумен бірнеше жұмыс атқарғаны белгілі болды.
Жалпы Ботай мәдениетіне шетілдік ғалымдар да қызығушылық танытып отыр. Олар биылғы қазба жұмыстарына білек сыбана бірге қатысқан. Әсіресе, жылқының жайылымы мен сүйектерін толыққанды зерттеуге мүдделі
Алан Оутрам, археолог, эксетер университетінің профессоры (Ұлыбритания):
- Біз соңғы уақытта жылқылардың тісіне генетикалық анализдер жасап жатырмыз. Яғни ол қандай шөппен қоректенді? Қай жерде жайылды деген мәліметтерді анықтау үстіндеміз. Жалпы Ботай қонысы осы орталықтан басталып, Қостанай, Павлодар облысына дейін жалғасады. Оны біз зерттеу барысында анықтадық. Сондай-ақ, біз осы жерде табылған жылқы сүйектерін арнайы рентгенге түсіріп, оны қолдағы не жабайы жылқы екенін анықтаймын.
Тарихи қонысқа турист тарту негізгі мақсат. Яғни тек ғалымдар мен археологтар аймағы қылмай, қарапайым тұрғындарға көрсетіп, дәріптеу маңызды. Қазір туристерге арнайы экскурсиялық бағдармала дайындалға
Әйгерім Шаимова, "Ботай" музейінің экскурсоводы:
- Туристер келгенде біз алдымен Саумалкөл ауылындағы «Ботай» музейімен таныстырамыз. Оларға осы қоныстан немесе Красный яр ауылының маңынан табылған жәдігерлерді көрсетеміз. Кейін барып туристерді осы қонысқа алып келеміз. Жақында Сингапурдан, Англиядан әдейілеп туристер келіп кетті. Яғни «Ботай» қонысын тек Қазақстанда ғана емес, жан-жақтан келіп қарайды деп айтуға болады.
Жалпы Ботай қонысының жалпы аумағы 36 гектарды құрайды. Бүгінде соның тек 5-6 гектары ғана зерттелген. Ал Ботай мәдениеті жайлы қызықты деректерді халыққа жеткізіп, тарихымызды көпшілікке таныту үшін визит орталық салынады. Ғимарат таға бейнесінде бой көтермек. Құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталады.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкоренка