Қостанайда мерекелік шаралар төрт күнге жалғасты
Қостанайда қала күніне арналған мерекелік шаралар төрт күнге жалғасты.
Еліміздің белгілі өнер ұжымдары, эстрада жұлдыздары Тобыл өңірін ән-күйге бөледі. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының гастрольдік сапары да Қостанайдың 144 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келді. Олар қаланың әр бөлігінде ән-күйден шашу шашты. Одан бөлек «Қазақконцерт» Жанкелдин, Сарыкөл аудандарына, Арқалық, Жітіқара қалаларына барып, өнер көрсетті. Төрт күн бойына мерекелік шараларды тамашалауға келген халық қарақұрым.
Анар Оспанова, Қостанай қаласының тұрғыны:
- Төртінші күн қала күнін тойлауға келіп жүрміз. Бәрі де ұнайды. Концерт өте жақсы өтті. Оның ішінде біздің жерлесіміз Айжан Нұрмағамбетова да бізге ән шашу шашты. Өте керемет, өте қуаныштымыз. Жылдан-жылға қаламыз осылай көркейе берсін.