Қазақстанның тең жартысы қысқа дайын емес

Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Маңғыстау облысы жылыту маусымына толық дайын емес.

Ал жылу желілерін жөндеу бойынша Алматы, Маңғыстау, Қызылорда және Абай облыстары жұмыс көлемінің жартысын да аяқтамаған.

Осылайша еліміздегі кей жылу орталықтары жөндеу жұмыстарын кестеден кешіктіріп жатыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Осыған қатысты Үкімет басшысы жоспарланған бірқатар тапсырма берді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Өңірлердің әкімдері осы мәселелерді шешуі керек. Ішкі көмір нарығында дүрбелеңге жол бермеу үшін өңір әкімдіктері тиісті тәртіппен 2 апта мерзімде көмірді дайындау және өткізу пункттерінің жағдайына, оның сапасына, жеткізу кестелеріне, бағалардың негізділігіне тексеру жүргізуі қажет.