Алматыда 250 орынға арналған жаңа онкологиялық орталық салынады
Алматыда 250 орынға шақталған жаңа онкологиялық орталық салынады.
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында жаңа нысанды салу жайы қаралды. Сондай-ақ жиында автомобиль және өңдеу өнеркәсіптерін қолдау бағдарламасы аясындағы кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Отырыс барысында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жаңа активтер енгізу мен одан бірқатар коммуналдық меншік ұйымдарын алып тастау туралы да айтылды.