Депутаттар Алматыдағы отбасылық амбулаторияның құрылыс барысымен танысты
Алматының «Кемел» шағын ауданында отбасылық амбулатория салынып жатыр.
Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін медициналық нысанның құрылыс барысымен Мәжіліс және қалалық мәслихат депутаттары танысты. Амбулатория шағын болғанымен бірқатар медициналық қызмет көрсета алады екен. Күніне 200 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Шеткі аудандағы 125 мыңнан аса адамға қазір бар болғаны 3 емхана қызмет көрсетеді. Одан бөлек 50 тұрғын көрші аудандағы орталыққа қаралады екен. Жаңа амбулатория ашылған соң тұрғындар осы жерден медициналық көмек ала алады.
Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жалпы осы биыл Алматы қаласында екі осындай отбасылық дәрігерлік амбулатория салынды. Біреуі осы Кемел шағын ауданында, екіншісі Мамыр шағын ауданында. Біздің жол картамыз бойынша биыл тағы екі отбасылық амбулатория енгізіледі.