Президент тапсырмасы. Сервистік орталықтар ашылады

Алматыда полицияның сервистік орталықтары ашылады.

Бұл – полиция бөлімшелеріне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір мегаполис тұрғындары түрлі мәселе бойынша аудандық полиция бөлімдерінің жанындағы фронт-офистерге жүгінеді. Бұл – келуші мен қызметкерге ыңғайсыз. Өйткені мұнда бейбіт тұрғындардан бөлек, "қылмыс жасады" деп танылған күдіктілер де жеткізіледі. Пробация есебінде тұрған сотталғандар да келеді. Еңбек мигранттарының да қарасы қалың.

Осыған байланысты Президенттің сервистік орталықтар құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Ведомство қызмет көрсетудің 3 деңгейлі үлгісін әзірледі. Бірінші деңгей – модульдік бекеттер. Екінші деңгей – учаскелік полиция пункттері. Үшінші деңгей – өтініш берушілер мен қызмет алушыларға арналған полицияның сервистік орталықтары.