Алматыда текстильді архитектура бойынша семинар өтті
Құрылыстағы заманауи көзқарас және жаңа технологиялар.
Алматыда текстильді архитектура бойынша семинар өтті. Алыс-жақын шетелдерден келген дизайнерлер мен сәулетшілер, құрылысшылар болашақ бірлескен жобаларды талқылап, соңғы үлгідегі архитектуралық шешімдердің ауқымды әлеуетін сөз етті.
Алматыдағы мына ғимараттың қасбетіне архитектуралық мата қолданылғанын біреу білсе, біреу білмейді. Нысанның қабырғалары мен шатырына құрылыс материалы ретінде арнайы мембраналар пайдаланылған. Текстильді сәулет ғимаратты ерекше етіп қана қоймай, оны күннен қорғайды. Құрылыстағы бұл жаңа технологияны елімізде APS ENGINEERING компаниясы жүзеге асырып келеді.
Серік Сатаров, APS Engineering ЖШС бас директордың орынбасары:
- АПС Инженирингтің мақсаты өркениетті елдердің жақсы дүниелерін осы озық технологияларын Қазқастанға алып келу. Біздің серіктестеріміз Францияның ферари фирмасы осы текстильдік архитектура бойынша, материалдарын сол жақтан аламыз, сол серіктестігі. Ал балалар алаңының ойыншықтарын Данияның Компан компаниясыменен жұмыс жасаймыз, серіктесіміз, солардың ойыншықтарын осы жерге әкеліп қоямыз.
APS Engineering компаниясы - кәсіби жобалау тобы және заманауи құрылғылармен жабдықталған өндіріске ие. Компания Еуропадан тікелей жеткізілетін жоғары сапалы материалдармен жұмыс істейді. Бұл тұтынушыларға шетелдік компанияларға жүгінбей-ақ елімізде жоғары сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді.
Харальд Шайбельхут, "Serge Ferrari" компаниясының өкілі:
- Біз APS Engineering компаниясымен 20 жылға жуық серіктес ретінде жұмыс істеп келеміз. Ferrari мембраналық материалдарының техникалық қасиеттерінің арқасында біздің қазақстандық серіктестер тұтынушыларға кез келген пішіндегі күрделі дизайнды ұсына алады. Ең бастысы, біз әртүрлі материалдарды үнемі зерттеп, жаңа шешімдер іздейміз.
Семинарда шетелдік серіктестер қазақстандық мамандарды Амстердамда өтетін кеме жасау көрмесіне шақырды. Бұл кәсіпті кеңейтіп, жаңа бағыттарға жол ашады.
Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов