Шымкенттегі әуежай маңындағы учаскелер қайтарылады
Шымкенттегі әуежайдың айналасында санитарлық аумақ құру үшін жеке меншік учаскелер қайтарылады.
Қазір қанша учаске бар екені анықталды. Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары құжаттың жоспары бекітілген бойда, бағалау жұмыстарының басталатынын мәлімдеді. Әзірге мұнда 300- ге жуық тұрғын үй, кәсіпкерлік нысаны және бос жатқан жер телімдері тізімге алынды.
Айта кетейік, Азаматтық авиация комитетінің тексерісінен кейін әуе айлағында қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны анықталды. Жер телімдері 2007 жылдан бастап заңдастырылып, жекенің меншігіне өтіп кеткен. Учаскені қайтарудан бөлек, әуежайдың да қызметіне біраз өзгеріс енгізіледі. Өйткені Президент жолдауында әуежайды мультимодольды орталыққа айналдыру міндеті жүктелді. Салаға жауаптылар логистиканы жетілдіріп, жүктерді қабылдау және тарату қызметін жақсартуға арнайы ұсыныс әзірлемекші.
Ролан Ибрагимов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Мультимодальный хабқа біз кешеден бастап жерлерді зерттеп жатырмыз әуежайдың жанындағы. Қандай бос жерлер бар және де ол жақта тиісті инфрақұрылымды тартуымыз керек. Оның бәрін біз қарап жатырмыз, жоспарлап жатырмыз. Үлкен қалалардың көбісінде аэропортқа келген адам сол аэропорттың зонасында жүріп, басқа да қызметтерді ала беретін дәрежеге жеткізу керек болып тұр.