Темір жол саласында түйіткіл көп

Жаз басталысымен тұрғындар пойызға билет таппай, әуре-сарсаңға түседі.

Тапқан күннің өзінде вагондардың сапасы сын көтермейді. Үкімет басшысына сауал жолдаған мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай дейді. Оның айтуынша, елдегі темір жол құрамының 60 пайызы тозған. Осыған қарамастан билет қымбаттап жатыр. Ал жауаптылар вагондарды жаңартуды 2030 жылға қалдырған.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 26 жыл күткеніміз аздай, енді тағы да 7 жыл күтуіміз керек. Күткен үмітіміздің ақталатынына сенім аз. 2030 жылы қалған вагондар ескіріп, темір жол құрамы паркінің тозуы 80 проценттен асып кетпейтініне кім кепіл? Билет тапшылығымен қатар, билеттер бағасының қымбатшылығын да көріп отырмыз. Бұл жыл сайын билетті субсидиялауға қомақты қаражат бөлінуіне қарамастан орын алып отыр.