Отбасыларға мемлекет тарапынан қандай қолдау беріледі?
Биыл 2,6 млн отбасыға жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге әлеуметтік төлемдер қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл былтырғымен салыстырғанда 40%-ке көп. Ал ағымдағы жылдың 8 айында 2 млн-нан астам жанұяға 838 млрд теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер тағайындалды. Ана мен баланы, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау және әлеуметтік көмек пен сақтандырудың көпдеңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз ету – елдің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Қазір балалары бар отбасыларға республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақының 5 түрі төленеді және әлеуметтік төлемдердің 2 түрі қарастырылған.