Қазақстанда тәулік ішінде 1853 қылмыстың беті ашылды
Елде браконьерлердің заңсыз әрекеті тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұсталғандарға қатысты 330 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталды. 89 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар өткен аптада ел ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған. Оның 1 800-і тәулік ішінде ашылды. 5 кісі өлтіру оқиғасы, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі тіркелді. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі өткізген апталық онлайн-брифингте мәлім болды.