Оралда жылу қазандықтары жөнделіп жатыр

Оралда мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коммуналдық кәсіпорын өкілдері бұл келеңсіздікті жылыту маусымы алдындағы дайындықты қайта пысықтау шараларымен байланыстырып отыр. Олар тәулік бойы жұмыс істейтін қазандықтарды жөндеп жатыр. Бұл жұмыстар 1 аптаға созылады. Қаладағы жылу желілерінің тең жартысы тозған. Әкімдіктегілер ескі құбырларды 2025 жылға дейін жаңғыртуды жоспарлаған. Биыл 6 шақырым желі ауыстырылды. Оған 300 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Бекболат Камешов, коммуналдық кәсіпорын бас директорының орынбасары:

- Тамыз айында гидравликалық сынақ тағы өткіздік. Сол қазір бүгінгі күні содан шыққан жарылған құбырларды ауыстырып жатырмыз. Жалпы 95%-ке дайынбыз. Осы ТЭЦ тоқтағанымен, айтып тұрмын 95%. Бір аптадан кейін бітіргеннен кейін 1 қазанға дейін 100% дайын боламыз.