Түркістан облысында ерекше балаларды дамыту орталығы ашылды
Түркістан облысының Түлкібас ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларды дамыту орталығы ашылды.
150 балаға арналған нысан заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Орталықта тірек қимыл аппараты бұзылған және дамуы кешеуілдеген балаларға логопед-дефектолог, арт терапевт, муз терапевт, массаж және педагог-психолог мамандар қызмет көрсетеді. Жүріп-тұруы қиын ерекше балаларға тірек аппараты қолданылады. Аутизммен ауыратын балаларға да жан-жақты көмек көрсетіледі. Балаларды жан-жақты дамыту үшін, ата-аналарымен де жұмыс істейді.
Ербол Керімбекұлы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары:
- Осы балаларды тәрбиелеп, өсіріп, бұл өте үлкен қолдау деп ойлаймыз мемлекет тарапынан. Бұл ата-аналарға үлкен көмек, мүмкіншілік осы балаларды үлкен деңгейге көтеріп, жеткізіп, өз қатарындағы балалармен бірдей, биік белестерге жеткізуге көмегін, септігін тигізеді деп ойлаймын. Ары қарайда осындай қолдау тауып, осындай нысандар ашылатынына сенімдіміз.