Пойыз билеті. Халық қай бағытқа көп жүреді
Ел азаматтары пойызбен жиі қатынап жүр.
Жыл басталғалы 13,5 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3,3 пайызға артық. Әсіресе жаз айларында барыс-келіс қызады.
Маусымда – 1,7 миллион, шілде мен тамызда – 2 миллионға жуық адам пойызбен жүрген. Отандастарымыз таңдаған ең танымал бағыт – Астана.
Сегіз айда елордаға – 3 милионнан аса адам билет сатып алған. Одан кейін Ақтөбеге – 1,2 миллион жолаушы барған, үшінші танымал бағыт – Қызылорда облысы – 1 миллион билет сатылған.
Жалпы жолаушы тасымалынан түскен табыс көлемі биыл 82,7 миллиард теңгеге жетті.