Киік жаппай қырылуы мүмкін
Киік көбейген сайын олардың иммунитеті әлсіреп, аурушаңдық артады.
Бұлай жалғаса берсе, жануар жаппай қырылуы мүмкін. Ғалымдар осылай дейді. Бір ғана Батыс Қазақстан облысында ақбөкен саны 2,5 млн-ға жеткен. Көбейе берген соң еркін жайылуы да біршама қиындаған. Бір жағынан, шаруаларды да қыспаққа алды. Олар: «шығынға белшеден баттық», - дейді. Ғалымдар «киіктің көбеюі түптің түбінде өздеріне сор болады» деп топшылайды.
Әлжан Шәмшідін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан АТУ ғылым жөніндегі проректоры:
- Біреуі бруцеллёзге шалдықса, БҚО-да 1,5-2 млн киік өлуі мүмкін. Көктемде жауынның аздығынан шөп өскен жоқ. Қазірдің өзінде киіктер аштықтан өліп жатыр. Биыл туған төлдің жартысынан астамы қысқа жетпей өліп қалуы мүмкін. Бірінші суық оларды қырып түсіреді. Денесіне май байлаған жоқ.