Атырауда инватакси қызметі жанданады

Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығына 2 инватакси тапсырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыста осындай көлік қызметін пайдаланатын 2 мыңнан астам адам тұрады. Оларға қазір 66 инватакси қызмет еткенімен, жеткіліксіз. Сондықтан жергілікті билік ерекше қамқорлықты қажет ететін жандардың өтінішімен осындай тасымал түрін жандандыруды қолға алған. Бүгін тапсырылған арнаулы автокөлік бір сапарында 6 адамды арбасымен алып жүре алады. Оларды мінгізіп-түсіретін құрылғылары оңтайлы орнатылған. Облыстағы инватакси қызметін пайдаланушылардың мұқтаждығын өтеу үшін әлі 10 автокөлік керек. Оның алғашқы 3-еуі биыл алынды.

Азамат Мәмбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Қосымша, жылдың аяғына дейін 5 арнайы инватакси алынады. Осындай жабдықталған, заманауи. Оларды алған жағдайда біз осы саладағы проблемалық мәселелерді шешеміз. Арнайы қызмет көрсетуге арналған орталықтарға береміз. Ең басты қызметі, облыстағы мәдени, әлеуметтік нысандарға апарады, біріншіден, одан бөлек, мәдени шараларға барады.