Сарапшылар букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеуді ұсынады
Сарапшылар букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеуді ұсынады.
Бұл туралы Мәжілісте "Аманат" партиясының төрағалығымен өткен отырыста мәлімдеді. Оған жарнама саласының мамандары, психологтар мен букмекерлік кеңсе қауымдастығының өкілдері қатысты. Мамандар, БАҚ-та букмекерлік жарнамаларды ішінара шектеу қажеттігін айтты. Телеарналардағы бейне роликтердің көрсету уақытын, сондай-ақ сыртқы жарнамалардың санын азайту керектігін алға тартты.
Анна Тюткова, жарнама және БАҚ саласындағы сарапшы:
- Біз бұл мәскеледе проблема бар және кейбір шектеулерді енгізу қажет деп санаймыз. Телеаналар мен радиолардан жарнама көлемін бүкіл жарнаманың он пайызына дейін шектеу туралы ұсыныс білдіреміз. Жарнама беруші қаласа да, сіздің квотаңыз таусылды деп айтыңыз. Сондай-ақ, тек кешкі уақытта шектеу туралы ұсыныс болды.