Абай облысындағы қайырымдылық клубы сәбилерге жәрдемдесіп жүр

«Қайырымдылық жібі» еріктілер қозғалысы шала туған сәбилердің өмірін сақтап қалуға жәрдемдесіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Клуб мүшелері 6 жыл ішінде нәрестелерге 10 мыңнан астам киім тоқыпты. Еріктілер тобы Курчатов қаласында да жұмыс істейді. Клуб құрамында 12 адам бар. Олар киім ғана емес, жұмсақ ойыншықтарды да тоқиды. Тоқымашылардың айтуынша, мұндай ойыншықтар баланың сергек болуына, тез ширап кетуіне әсер етеді. Волонтёрлер перзентханалармен тығыз байланыста. Көрсетілген қызмет үшін ақы алмайды. Жұмыс барысында тек жүн мен мақтаны қолданады. Бір балаға киім дайындау үшін 200 грамм жіп жұмсалады екен.  

Ғайния Жанболатова, «Қайырымдылық жібі клубының мүшесі:

- Олар – жаңа туған балалар. Оларға әртүрлі микробтар түспеуі үшін жүн жыбырлатады. Бала ұйықтап кетпес үшін жыбырлатқанда бала дем алады. Тек қана трубкадан емес. Сол себепті жүннен тоқылады.