Алматылықтар ашық аспан астында цирк қойылымын тамашалады
Қала күніне арналған шарада Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері мен Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің студенттері өнер көрсетті.
Биыл аспан астындағы цирк ерекше реквизиттарымен, үздік қойылымдарымен алматылықтардың есінде қалатыны сөзсіз. Көңілді клоундардан бастап, дөңгелек үстіндегі тепе-теңдікті сақтау, шеңбер ішіндедегі қозғалыс, үйретілген ешкілер қойылымдарын көрермен аса қызығушылықпен тамашалады.
Блиц:
- Керемет болып жатыр, жақсы әсер алып жатырмыз, рақмет барлығыңызға. Тегін цирк қойылым бергеніне рақмет.
- Алматылықтар үшін жақсы мүмкіндік туғанына қуаныштымын, олар цирк артистерінің үздік қойылымдарын тамашалауда. Немерелерімді алып келдім.
Алматы циркі 51 жылдық тарихында екінші рет ашық аспан астында өнер көрсетіп отыр. Бұл әртістерге ізденіп, небір күрделі қойылымдарды сахнаға шығаруға итермелейді, - дейді цирк ұжымы. Қазір біраз өнерпаздар Тәжікстан елінде гастрольмен жүр. Соған қарамастан алматылықтарға ең үздік бағдарлама ұсынылды.
Мақсат Жайықов, қазақ мемлекеттік циркінің директоры:
- Өздеріңіз көріп тұрғандай менің артымда үлкен габаритті номер семофор деген номер шығардық. Енді ол бұрын соңды далада жұмыс істемеген номер. Бұл бірінші рет шығып отыр. Экспериментальный проектілерді көп қолданып жатырмыз.
Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері жақында ғана Санкт-Петербор қаласында өткен «Без границ» екінші халықаралық цирк өнері фестивалінде қола жүлдеге ие болды. Бұған дейін, Астанада өткен Азия жаңғырығы халықаралық фестивалінде алтын, ал Almaty circus festival-да күміс медаль жеңіп алды.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов