Қорғаныс және Өнеркәсіп министрлері қос саладағы кешенді дамыту туралы жиын өткізді
Қорғаныс және Өнеркәсіп министрлері қос саладағы кешенді дамыту келешегі туралы жиын өткізді.
Елордада Қорғаныс және Өнеркәсіп министрлері қос саладағы кешенді дамыту келешегі туралы жиын өткізді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасының орындалу барысы талқыланды. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әскери-техникалық ынтымақтастықты және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуда маңызды орын алатынын ерекше атап өтті. Кеңес барысында министр Қанат Шарлапаев қорғаныс саласын жаңғыртуды – 35%‐ға және қазіргі заманғы өндірістерді 70%-ға дейін жеткізу міндеті тұрғанын айтты.
Ербол Бегілдаев, ҚР Қорғаныс министрлігінің департамент бастығының орынбасары:
- Импорттық өнімдерге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретін локализацияның жоғары үлесі бар өндіріс айналымын құру мәселесі де қарастырылды. Жалпы қорғаныс министрлігі отандық өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарымен тұрақты өзара іс-әрекет жасай отырып, олардың дамуларын белсенді қолдайды.