Алматы облысы Жамбыл ауданында балық фермасы ашылды
Алматы облысында балық шаруашылығына деген қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мысалы, биыл Жамбыл ауданында инвестициялық жоба іске асып, алғашқы балық фермасы ашылды. Мұнда балықтың форель, сазан, амур және дөңмаңдай түрлері өсіріледі. Шаруашылық басшысының айтуынша, форельдің уылдырығы шетелден алынған. Өйткені елімізде балықтың осы түрінің шабағын шығаратындар жоқтың қасы. Арнайы ортада уылдырық шабаққа айналуы үшін су сапасы мен температурасы күн сайын мұқият тексеріледі. Былтыр серіктестік уылдырыққа алуға 30 млн теңге жұмсаған. Келесі жылы мемлекеттік субсидия көмегіне жүгінбек. Мақсат – кәсіпті дамытып, жергілікті халықты балықпен қамтамасыз ету.
Оразалы Кенжебаев, технолог:
- Уылдырықтан осының ішінде балық пайда болады 25 күнде. Мынадан су түсіп отырады. Оттегі беріп отырамыз, дәрі-дәрмегін беріп отырамыз, инфекцияларын құртып. Балықты көбірек өндіру керек.