Шымкентте декларация тапсырмағандарды жұмысқа алған басшылар жазаланды
Шымкентте әкімдікке қарасты үш басқарманың басшысы жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі мен мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бұрынғы басшысы жемқорлықтың алдын алу шараларын сақтамаған. Бұл жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Яғни адамдарды мемлекеттік қызметке активтер мен міндеттемелер туралы декларациясыз жұмысқа қабылданған. Басқарма басшылары өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік кодекстің 680-бабы бойынша айыппұл арқалады. Соңғы үш жылда лауазымды тұлғалардың заңсыз сыйақы алу мен кәсiпкерлiк қызметке негізсіз араласуы бойынша 19 хаттама толтырылған. Олардан бюджет қазынасына 4,5 миллион теңге өндірілді
Алмабек Сейітбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының аға офицері:
- Яғни айтатын болсақ жаңадан қабылданатын үміткерлер жұмысқа кірмей жатып декларацияларды тапсыру керек. Бұйрығы одан ерте шығуына байланысты аталған басшылар жауапкершілікке тартылды. Осы жылы 1 млн 200 мың теңге мемлекетке қаржы аударылды осы жасалған фактілер бойынша.