БҚО-да паразитарлық аурулар көбейіп барады
Описторхоз бен аскаридоз дертіне шалдыққандар саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 26%-ке артқан.
Ішек құрты көкөніс пен жеміс-жидекті тазаламай жеуден пайда болады. Кейінгі кезде түрлі фастфуд пен қуырылған картоптан да жұғу дерегі жиілеген. Ал описторхоз ауруын тудыратын жалпақ құрттар адам ағзасына балықтан өтеді. Биыл өңірде 113 сырқаттан аталған паразит анықталған. Олар Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласының тұрғындары. Мамандар мұның себебін аталған аумақта Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің орналасуымен түсіндіреді. Мамандар кез келген жерден балық сатып алмауға, шала тұздалған, шала кептірілген балықты тұтынбауға кеңес береді.
Нұрлыбек Мұстаев, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Сазан тәріздес дейміз балықтардан ең жолы, басты жолы балықты өңдеу кезінде, дұрыс қуырмаған кезде немесе шикі балықты дайындаған кезде жеке гигиена сақтамау арқылы паразиттік құрттар еніп, адамға жұқтыру қаупіне алып келеді. Алдына алу шараларының бірі жеке бас гигиенасын міндетті түрде сақтау, балықты өңдеу кезінде толығымен термиялық өңдеу керек болады. Қай-қайсысы да паразитарлық аурулардың қауіпті. Уақтылы емделуіміз керек.