Ақмола облысында мыңдаған гектар егін алқабын киік таптап кетті
Ақмола облысында 70 мың гектардан астам егіс алқабын киік таптап кеткен.
«Алты ауданда жағдай күрделі», - дейді мамандар. Егіндікөл мен Атбасар аудандарындағы егістікке көп залал келді. Қазір аймақтағы ақбөкен саны 200 мыңнан асып жығылады. Жергілікті шаруалар дала жануарымен күресіп шаршадық деп налиды. Шығынға батқан диқандар Үкіметтен қосымша көмек сұрап отыр.
Еңбегі еш кеткен шаруаның бірі атбасарлық Абылай Көмбатыров. Биыл бес мың гектардан астам дақылдан айрылған. Шығын көлемі шамамен 500 млн.теңге. Көктем шыға Қарағандыдан ауып келетін ақбөкен саны жыл санап көбейіп, тапталған егіс алқабы ұлғайып жатқанын айтады.
Абылай Көмбатыров, шаруа қожалығының басшысы:
- Ақырғы үш жылды алып қарасақ, жыл сайын көбейіп жатыр. Алдымен 3 мың болды, былтыр үш жарым мың гектар, биыл міне бес мың төрт жүз гектар списать етіп жатырмын. Енді саны көбейіп жатыр ғой. Оған қарағанда бізге ешқандай көмек жоқ. Списания жасайды, затратты ешкім орнына келтірмей отыр.
Ал киікті атпақ түгіл, үркітуге де болмайды. Себебі қорықшылар бөкенді қызғыштай қорып, шаруаларға алысқа қуғызбайды.
Абзал Балтабаев, тілші:
- Атбасар ауданындағы дәл осы егіс алқабынан он шақырым жерде киіктердің төлдейтін арнайы орны бар. Сондықтан дала жануалары алдымен осы алқаптарға түседі.Айталық, киіктер кей егістіктің тең жартысын таптап тастаса, кейбірін толық таптап, міне егін қайта көктеп өсіп жатыр.
Онсызда құрғақшылықтан көз ашпаған диқандар үшін бұл жығылғанға жұдырық болды. Соңғы айда толассыз жауған жаңбыр да егін шығымдылығына әсер етті. Оның үстіне киіктен келген зиян тағы бар. Ал шығын қала өтеледі дес?
Еркеш Әленов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі кезде оларға ату мәселесі, яғни белгілі санын атып, солай азайту мәселесі алдында тұр. Актілер жасалды. Кімді страховать етті, оларда өтемақы болуы тиіс. Ал кім жасамады оларға возмещение жоқ.
Түсінгеніміз, иелігіндегі мыңдаған гектар жерді фермер өзі қорып, сақтандыру керек. Сонда ғана шығын көлемі төленеді деп сендірді жауаптылар. Ал ала жаздай алты ауданды жайлаған киік күздің соңында ғана Бетбақдаланы бетке алады. Оған дейін шаруаларда маза болмасы анық. Авторлары: Абзал Балтабаев, Евгений Щинкорека