Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО тұрғынын ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО тұрғынын ұстады
www.gov.kz

2023 жылғы 27 қыркүйекте ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктелуде.

Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.

Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.