Талдықорғанда 25 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Қуанышқа кенелгендерді бірі – Мәкеевтер отбасы.
Осы уақытқа дейін 6 баламен пәтер жалдап келген. «10 жыл бұрын үй кезегіне тұрып, енді баспаналы болдық. Еліміздегі әрбір көпбалалы отбасы осындай қуанышқа кенелсе екен", - дейді. Талдықорғанда биыл 51 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы саны 2 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа тұрғын үйлердің 41-інің құрылысы бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылса, қалған 10 үйді бизнес қауымдастық өкілдері мен меценаттар салып береді.
Гүлмира Сердалықызы, қала тұрғыны:
- Үйлі болып жатырмыз, қоныс тойлы болып жатырмыз, мінекей. Барлықтарыңызға рақмет! Қала күні құтты болсын! Осы қала күнінде бәрімізді қуантып жатқан сіздерге де рақмет! Құдайға тәубе, 6 баламыз бар қазір, 4 немереміз бар.