Қандыағаш – Атырау тас жолының құрылысы жуырда аяқталады
Қандыағаш – Атырау тас жолының құрылысы жақында аяқталады.
Бұл республикалық маңызы бар күрежолдың бойындағы Мұғалжар, Темір мен Байғанин аудандары тұрғындары үшін көптен күткен жаңалық. Жаңа асфальттің сапасы екінші санатты болады. Қазір екі облыс орталығын байланыстырып тұрған жолдың тек Ақтөбе мен Қандыағаш қаласы аралығындағы 96 шақырымын жаңарту қалды. Мамандар жыл соңына дейін төрт жолақты тас жолдың екеуі толығымен қолданысқа беріледі деп отыр.
Ринат Оразғалиев, "Қазавтожол" ҰК" ОФ директорының орынбасары:
- Ол жерде қазіргі таңда жол белігілерін орнату, жол таңбаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және де суағарлар жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соларды бітіріп, биыл сол бірінші қарашада жолды тапсыру жоспарланып отыр.