Травматологтар біліктілігін арттырады
Президенттің биылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдау қажеттілігі айтылды.
Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайы да ұдайы назарда болады. Бұл медицина саласындағы кадрлық әлеуетті күшейтуге негіз. Нұрлан Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандары іргелі зерттеу жұмыстарын қолға алып, инновациялық әдістерді меңгере бастады. Онда қазірдің өзінде жылына 10 мыңнан астам науқасқа көмек көрсетіліп жатыр. Орталықта омыртқа, жамбас, тізе буындарына күрделі оталар жасалады.
Бекжан Сүлейменов, академик Н.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігері:
- Күніне 40 ота жасалынады, жылына ортамен 10 мың науқасқа көмек көрсетіліп, оның ішінде 8,5-9 мың науқасқа операциялық көмек көрсетіледі. Біздің науқастар Қазақстанның бүкіл аумағынан келеді. Тізе, жамбас буынына қойылатын күрделі операцияларда ревизионды протездердің саны асты. Осылан бірнеше жыл алдын компьютерлік аппарат алынып, омыртқаға компьютерлік навигациямен жасалынатын операция жасалынады осы ауруханада.
Елімізде төрт мың адам ағза трансплантациясына мұқтаж
Елімізде төрт мың адам ағза ауыстыруға мұқтаж. Олардың көбісі бүйрек трансплантациясын қажет ететін науқастар. «Күту парағында» 112 бала да бар. Өкінішке қарай, донорлыққа қатысты қоғамның көзқарасы әрқилы. Әлеуетті донорлардың туысқандары көбіне транспланттаудан үзілді-кесілді бас тартып жатады дейді мамандар. Алайда, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл ағза алмастыру бойынша бірнеше оталарды іске асыру жоспарланған.
Сәуле Шайсұлтанова, республикалық транспланттауды үйлестіру орталығының директоры:
- 2012 жылдан бері 2400-ден артық трансплантция жасалынды. Бірақ, оның 85 пайызы тірі донордан жасалған. Яғни, адамдар тірі кезінде өзінің мұқтаж туыстарына, бір бүйрегін немесе бауырдың бір бөлігін беруге мүмкіндігі болады. 2022 жылы 4 мәйіттік донор ғана іске асырылды, ал осы жылы 5 донор болды.