Елордада ауыл әйелдерінің алқалы жиыны өтті
«Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана». Елордада осындай атаумен ауыл әйелдерінің I Республикалық алқалы жиыны өтті.
«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға, кәсібі мен шығармашылық қызметін бизнеспен ұштастырған 300-ден астам қыз-келіншек қатысты. Жиын барысында көпбалалы аналарды, ауылдағы іскер әйелдерді демеуге бағытталған «Мейірім құшағы» комиссиясының жұмысы таныстырылды.
Айнұр Қуатқызы, тілші:
- «Ауыл әйелдері қазір белсенді». Алқалы жиынға қатысушылар осылай дейді. Алайда әлі де болса, олардың білім беру, цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бүгін де шалғайдан келген қыз-келіншектерге арнайы әдістемелік сабақтар өткізілмек.
Қазір ел халқының 40 пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылды дамыту - мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі. Ал осы тұста ауыл әйелдерінің әлеуетін арттыру бүгін өзекті мәселенің біріне айналған. Десе де, ауылдағы қыз-келіншектердің арасында өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар қатары көбейіп келеді. Оған қоса, өскелең ұрпақ тәрбиелеп, отбасы құндылықтарын сақтау ісінде де айтарлықтай үлес қосып жүргендер бар.
Камила Жапалова, суретші (Атырау облысы):
- Енді біз ауыл дегенде тек қана шаруашылықты ойлаймыз, бірақ біздің негізгі құндылығымыз ол біздің өнеріміз. Сол себептен осы өнерге көңіл бөлсе екен деймін. Енді ауылда көп әйелдер жұмыссыз отыр, баламен отыр, зейнеткерлікке шыққан аналарымыз отыр. Соның бәріне экономикамыздың көтеру керек, және сол әйелдерге табыс көзін табу үшін біз сол ауылда киіз басу өнерін қалыптастырсақ дейміз.
Президент бұған дейін әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен құқығын қорғауға ерекше назар аудару қажеттігін айтқан болатын. Бүгінгі алқалы жиында да осы мәселелер назардан тыс қалмады. Ауылдық әйелдердің көкжиегін кеңейтіп, мүмкіндігіне жол ашатын бірқатар ұсыныстар айтылды. Осы тұста «Ауыл» партиясы белсенді әйелдер резервін жасақтамақ. Яғни, ауыл-аймақтағы нәзік жандының жағдайын білетін, түйткілін шешуге ат салысатын әйел, кез келген уақытта мәжіліс пен мәслихатқа тағайындала алады.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ауыл әйелдерінің өзі Қазақстанда бүкіл әйелдердің 39% пайызын құрайды. Бірақ сол 39пайызды құрайтын ауыл әйелінің әлеуметтік жағдайы жетіспей жататын жағдайлар болады. ОЛ жолға байланысты, ауыз-су, газға байланысты. Бізде ауылдарымыз әлі көптеген жылдар Сол ауыртпашылықтар ауыл әйелдеріне түседі. Яғни, ауылды дамыта отырып, біз ауыл халқын соның ішінде ауылдың әйелдері мен аналардың жағдайын жақсартуға мүмкіншілік алуымыз қажет. Ауыл партиясы осы отбасылық құндылықтарды, ауылдағы аналардың жағдайын жақсартуға әлеуметтік қорғауға қатысты көпетеген мәселелерді көтеріп жүр.
Жиын аясында қыз-келіншектерге бірқатар шара ұйымдастырылды. Мотивация, өзін-өзі трансформациялау бағытындағы тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізілді. Ал алқалы жиында айтылған өзекті мәселелер мәжіліс мінберінде көтерілмек.
Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Диас Қобыланбаев